Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті
142
оқылды
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті. Жол-көлік апаты Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында «Mega Park» сауда ойын-сауық орталығының жанында болған.
Алматы қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған мекенжайда №12 қалалық автобусы «Volkswagen» және «Hyundai» көліктерімен соқтығысқан. Салдарынан 5 адам зардап шеккен. Үшеуі жедел жәрдем ауруханасына (БСНП), екеуі Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Барлығының жағдайы орташа ауырлықта.
Полиция бөлімі жол-көлік оқиғасының себептерін анықтап жатыр.