"Канело" түркиялық боксшыны жеңіп, чемпиондық атағын сақтап қалды
"Канело" түркиялық боксшыны жеңіп, чемпиондық атағын сақтап қалды
206
оқылды

Екінші орта салмақтағы 30 жастағы мексикалық Сауль «Канело» Альварес түркиялық қарсыласы Авни Йылдырымды жеңді.

Бұл кездесу Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өтті. Кездесуде "Канело" өзіне тиесілі екінші орта салмақтағы WBA (Super) және WBC белбеулерін қорғады. Бұл титулдарды ол былтыр британиялық боксшы Каллум Смитпен (27-1, 19 КО) болған кездесуде жеңіп алған еді.

29 жастағы Йылдырым азулы қарсыластың қарқынына үш раунд қана төтеп берді. Осы раундта нокдаунға түсіп, төртінші раундқа шықпады.

Осылайша, "Канело" өз кәсіби мансабындағы 55-жеңісіне қол жеткізді. Мексикалық боксшы 37 рет қарсыласын нокаутпен жеңіп отыр. Ал Йылдырым болса үшінші рет жеңілді. https://youtu.be/p_KUfM83cZs