Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ақтөбеде жол бойында қалып кеткен автобус жолаушыларын құтқарды.
Кеше Мәртөк ауданы Байнасай ауылы маңында Neoplan маркалы автобус жолда қалған.
Өзбекстандықтар мінген автобус ішінде 3 бала болған. Жолдың қарын күреуге жауапты компания, К-700, учаскелік инспектор барып, автобус ішіндегі 57 жолаушыға көмектесті.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі: «Жолаушылардың барлығы Өзбекстан азаматы. Арасында 7 әйел бар. Ешкім зардап шеккен жоқ. Автобус бұзылмаған. Олар ыстық тамақтан да бас тартты. Тек қардан шығуға көмектестік», – деді.