Иордания Израильден газ тасымалдауға тыйым салды
Иордания Израильден газ тасымалдауға тыйым салды
102
оқылды

Иордания парламенті Израильден газ импорттауға тыйым салатын қарар қабылдап, үкіметке газға қатысты заң жобасын дайындауды тапсырды, – деп жазады 24.kz.

Мәселе 2016 жылы қол қойылған келісімшартқа байланысты туындаған. Ол кезде Иорданияның Ұлттық энергетикалық компаниясы АҚШ-тың Noble Energy бірлестігімен құны 10 миллион доллар болатын газ тасымалдау туралы келісмге қол қойған.

Көгілдір отын Израильдің Левиафан кен орнынан жеткізілуі тиіс еді.

Бірақ ондағы халықтың басым бөлігі палестиналықтар болғандықтан, құжат Иодания ішінде көп наразылық туғызды.

Жуырда осыған байланысты Амманда ірі шерулер өтті.