БҚО-да карантин шаралары жеңілдетілді
БҚО-да карантин шаралары жеңілдетілді
5,130
оқылды
БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 1 наурызда жаңа қаулысы шықты.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің – кемінде 60, жеке кәсіпкерліктегілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істейді. Жабық базарлар мен сауда үйлері жексенбі күні де ашық болады. Мектептерде бұрын 1-5 сыныптарда кезекші топтар ғана оқыса, енді барлық сынып оқушылары дәстүрлі түрде білім ала алады. Бір сыныпта балалар саны 15-тен аспауы қажет. Сондай-ақ осы кезге дейін сабақтан тыс уақытта 5 баладан аспайтын топқа жеке оқытуға рұқсат берілсе, енді 15 балаға дейін көбейтілді.