Жер астына түсіп кеткен КамАЗ: Алматының бір бөлігі жылусыз қалды
Жер астына түсіп кеткен КамАЗ: Алматының бір бөлігі жылусыз қалды
121
оқылды
Алматыда сағат 13.00 шамасында қаладағы Қажымұқан көшесі бойында жер опырылып, құм тиелген КамАЗ пәтерлердің жылу камерасы орналасқан аумаққа түсіп кеткен. Салдарынан 400-ге жуық тұрғын үй жылусыз қалды.
– Диаметрі 500 мм құбырға зақым келуіне байланысты 336 көпқабатты тұрғын үйді, 86 жеке тұрғын үйді, 9 денсаулық сақтау нысанын, 10 балабақша мен 6 білім нысанын жылу желісінен уақытша ажыратуға тура келді, – деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Апатты қалпына келтіру жұмысына 18 маман мен мамандандырылған 4 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Алматы қаласы Медеу ауданының аумағындағы Қазыбаев-Назарбаев-Достық-Тайманов көшелерінің аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа ғимараттар уақытша ыстық су мен жылудан ажыратылды.