"Тараз" Еркебұлан Сейдахметтің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады
"Тараз" Еркебұлан Сейдахметтің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады
5,128
оқылды
"Тараз" клубы жамбылдық футбол мектебінің түлегі Еркебұлан Сейдахмет келісімшартқа қол қою үшін еңбекақысына 6 миллион теңге сұрады деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды vesti.kz.
"Өкінішке қарай бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сейдахмет шынымен командаға өзге түлектер сияқты шақыртылды. Алайда келісімшарт туралы сөз де болған жоқ, алты миллион теңге деген сома туралы айтылмады", – делінген клуб хабарламасында.
Мұның алдында "Тараз" жергілікті "Монтажниктен" шыққан футболшыны сапына қосқысы келетіні туралы ақпарат тараған. Ол бойынша Еркебұлан команда бас бапкерден бастап, легионерлер мен басты футболшы да көрмеген еңбекақы - айына алты миллион сұрапты делінген. Жас футболшы "Қайратпен" 2022 жылға дейін келісімшартқа отырған. Алматылық команда маусым аралық Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынына Еркебұланды алмады.