Медицина қызметкерін соққыға жыққан
Медицина қызметкерін соққыға жыққан
97
оқылды

Алматы облысы Ден­саулық сақтау бас­қар­ма­сының хабар­лауынша, Тал­­­ғарда қыз­меттік міндетін атқару кезінде хирургты соқ­­­қыға жыққан. Қазір оның жағдайы ор­таша ауыр. Хи­­рург стационарлық емнен бөлек 3-5 апта бойы оңал­тудан өтуі керек.

Оқиға 28 ақпан күні Талғар аудандық ауруханасына аппендицит диагнозымен науқас әйелді қабылдау кезінде болған. Нау­қастың ұлы дәрігермен сөзге келіп, соққыға жыққан. Оқиға салдарынан дәрігер жабық бассүйек-ми жарақатын алып,  миы шайқалған. Артынша оны травматология бөлімшесіне жеткізген. Қазір мәселенің мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Әрі оқиғаны құқық қор­ғау органдары бақылауға алды. Ал облыстық Полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. «Іс бақылауда, оқиғаға қатысы бар азаматтар анықталды. Соңғы процестік шешім сараптама нәтижесі бойынша қабылданады», – деді  баспасөз қызметі. Мұның алдында оқиғаның видеосы желіде жарияланып, қызу талқыға түскен-ді.

Айбике ЖАНАСЫЛ