Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты
5,200
оқылды
Заңнамаға буллин, кибербуллинг түсінігін енгізу проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты.
«Біздің ойымызша, заңнамаға буллинг, кибербуллинг түсінігін енгізу проблемалық мәселелер аясын айқындауға және оларды кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары балаларды жәбірлеудің алдын алуға бағытталған бірқатар халықаралық мысалды айтып берді.
«Ұлыбританияда педагогтер кибербуллингтің кез келген түрінің алдын алу үшін арнаулы дайындықтан өтеді. Францияда мұғалімдер оқушылардың блогтарын қадағалап, жәбірленушілерге көмек көрсетеді. Ал бұзақылар мектептен қуылуы мүмкін. Канадада мектептердегі кибербуллингтің алдын алу әдістемесін әзірлеумен құрамына 130 ғалым-зерттеуші кіретін ірі ұйым айналысады. Жапонияда 2013 жылдан бастап кемсітушіліктің алдын алу үшін іс-шараларды дамыту туралы заң қолданысқа енгізілген. Әр білім ордасы кемсітушіліктің алдын алу үшін мектеп саясатын дербес әзірлеуі тиіс», - деді Марат Қожаев.