Азық-түлік неге қымбаттады?
Азық-түлік неге қымбаттады?
187
оқылды

Елімізде соңғы кездері азық-түлік бағасы күрт қымбаттап кетті. Оның басты себебін Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов түсіндірді. Сөйтсек, көбіне импортқа тәуелді өнімдер, экспорттық сұранысы жоғары тауарлар мен маусымаралық кезеңде қымбаттайтын көкөністер бағасы өседі екен.

«23 ақпандағы жағдай бойын­­ша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2,4 пайызға өскен. Бәрі­­нен бұрын импортқа тәуелді өнімдердің, жо­ғары экспорттық сұранысы бар тауарлардың, сондай-ақ мау­­сымаралық ке­­­­зеңде дәстүрлі түрде қым­­­бат­­­тайтын көкөніс­­тердің бағасы қымбаттады», – деді ми­­нистр. Бақыт Сұлтановтың ай­­туын­ша, азық-түлік тауарла­рының ба­­­­ғасы өндірісі мен тұтыну тең­­­­геріміне ғана емес, сондай-ақ им­портталатын және экс­портқа жіберілетін өнімнің үлесіне де бай­­ланысты. Бұл сыртқы на­рық­тағы бағаны ішкі саудаға әкеледі. «Ауыл шаруашылығы ми­­нистр­лігі өңірлік атқарушы ор­­ган­дармен бірлесіп, импортқа тәуел­ді тауарлар бойынша ғана емес, сондай-ақ экспорттың жоға­­ры үлесі байқа­латын өнім­дер бойын­ша да өндірісті ба­рынша ұлғайтуы қа­жет», – деді сала ми­­­нистрі. Со­ны­мен бірге тұрақ­тан­дыру қор­­ларының қо­­­ры да жеткіліксіз екен. Атап айт­қанда, 3,7 млрд теңгеге 25,4 мың тонна қалып­тасқан. Олар­дың интер­венциясы жалпы тұтынудың 0,2-1,4 пайы­зына тең. Министрдің ай­туынша, бұл бағаға іс жүзінде тиісті әсер ет­пейді де. «Мысалы, Ақтөбе облысында 2020 жылы қанттың (56,9 пайыз), қарақұмық жар­масының (40,0 пайыз), күн­бағыс майының (31,1 пайыз) және жұмыртқаның (17,5 пайыз) баға­лары едәуір өсті. Бұл ретте жыл ішінде қорға бағаның шамалы өсуі байқалған көкөністер сатып алынды. Тұ­­­рақтандыру қорларын тәуе­келі жоғары импортқа тәуелді тауар­­ларға ғана қаражат пен күш-жігерді шоғырландыру арқылы қайта қарау қажет», – деді Сұл­танов.

Исмаил ҚУАНЫШ