Мереке қарсаңында партиялық билет алды
Мереке қарсаңында партиялық билет алды
140
оқылды

«Nur Otan» партиясының құрылған күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті филиал жаңа 43 азаматпен толықты. Өткен жылдармен салыстырғанда партиялықтардың арасында әйелдердің саны 30 пайызға артса, жас­тардың саны 5 есе көбейді. 

Салтанатты түрде партия қатарына енген азаматтарға партия мүшесі билетін «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев табыс­тады. Құттықтау сөзінде Мұрат Рахметұлы алдағы уақытта партия қатарына жаңадан қосылған  азаматтарға зор үміт артылатынын атап өтті. – Осы айтулы күнде баршаңыз­ды партия қатарына қосылуларыңызбен құттықтаймын! Өздеріңізге белгілі, партиямыз билік пен халық арасындағы байланыс­тырушы буын ретінде халық үшін аянбай қызмет етіп келе жатыр. Нақты істер партиясына қосылып, ел игілігі үшін тынбай еңбек етіп жүрген азаматтардың қатарында сіздердің де болатындарыңыз көңіл­ге қуаныш ұялатады. Келешекте сайлауалды бағдарламаға енген барлық уәделеріміз бен хал­қы­мыздың аманатын орындау мін­деті тұр. Сондықтан еліміздің одан әрі дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаратынымызға сенімдімін, – деп атап өтті Мұрат Мұқаев.  Өз кезегінде партия қатарына жаңадан қабылданған жас кәсіпкер, БҚО Іскер әйелдер қауымдас­тығының мүшесі, #BIZBIRGEMIZ жалпыұлттық акциясының белсенді қатысушысы, жасотандық белсенді Жадыра Баракова алғысын білдіріп, сенімді ақтауға бар ынта-жігерін салуға уәде берді. Кездесуді қорытындылаған Мұрат Мұқаев «Nur Otan» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан ел үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдап, олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отыратынын айтты.

Әбілмансұр ЖАСАН