Қазақстанда 11 133 адамға іздеу жарияланған
Қазақстанда 11 133 адамға іздеу жарияланған
5,133
оқылды

Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің хабарлауынша, хабар-ошарсыз жоғалған 2 247 адам іздестірілуде.

«Қазіргі уақытта 11 133 адамға іздеу салынған, оның 2 247-сі хабар-ошарсыз жоғалғандар. Хабар-ошарсыз жоғалғандар Алматы қаласы (328), Шығыс Қазақстан (221), Алматы (309) және Қарағанды облыстарында (221). 30-49 жас аралығында әртүрлі жағдайлармен көбінесе, ер адамдар (76%) жоғалады» делінген ресми хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, үйінен кетіп оралмағандар – 1723, автокөлікпен жоғалғандар – 74, жұмыстан соң жоғалып кеткендер – 36.

«Сонымен бірге, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 453 адамға, яғни ең көбі алаяқтық (451), ұрлық жасау (270) және кісі өлтіргені (166) үшін Алматы қаласы (463), Алматы (245) және Шығыс Қазақстан облыстарында (203) іздеу салынған. Олар негізінен 31-40 жас аралығындағы ер адамдар (89%)» делінген комитет ақпаратында.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жоғалған азаматтарды құзырлы органдар бірлесіп іздейді.