Садыр Жапаровтың жарлығымен қырғыздың «Манас» эпосын Қазақстанда танытып, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург, айтыскер ақын, манасшы Баянғали Әлімжанов «Достық» орденімен марапатталды.
«Маған құрмет көрсетіп, еңбегімді бағалады. Қырғыз халқына алғыс айтамын. Қырғыз жырларын қазақ эпостарындай жақсы көремін», – деп Баянғали Әлімжанов қырғыз халқына алғыс айтты.
Кеше Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапармен келді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мен қазақпын...» деп поэмадан үзінді оқып берген болатын.