Сайрагүл Сауытбай Швецияда сыйлыққа ие болды
Сайрагүл Сауытбай Швецияда сыйлыққа ие болды
160
оқылды

Сыйлықты Нюрнберг қаласының адам құқығы кеңсесі тағайындаған. Бұл туралы Ztb­­­_kz жазды.

Сайрагүл Сауытбай Шыңжаңдағы лагерьде оқытушы болып жұмыс істеген. Шыңжаңдағы лагерьлер жайлы айтқан алғашқы куәгерлердің бірі. Сыйлықты табыстау рәсімі 15 мамырда Нюрнбергте өтеді деп жоспарланған. Сайрагүл Сауытбай Қытайда саяси қуғын-сүргіннен қашып Қазақстанға келген. 2019 жылы Швеция Сайрагүл Сауытбайға саяси баспана мен азаматтық берді. Қазір ол отбасымен Швецияда тұрады.

Ол бұған дейін АҚШ-та халықаралық «Батыл әйелдер» сыйлығын иеленген болатын.