БҚО-да боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді
БҚО-да боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді
101
оқылды
Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді,– деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша, Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына (боран, қатты жел) орай 3 наурыз күні жергілікті сағат 20.30-дан бастап Самара – Шымкент (393-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) республикалық маңызы бар күре жолы ауыр және қоғамдық көлік түрлері үшін жабылды.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында ескерту жарияланғанын жеткізді.