Шымкентте қызды алып қашқандарды байқаған куәгерлер полиция шақырды
Шымкентте қызды алып қашқандарды байқаған куәгерлер полиция шақырды
291
оқылды
3 наурызда Шымкентте болған «қыз алып қашу» операциясының кейіпкері өзіне қатысты зорлық-зомбылық әрекетінің болмағанын, тек жігітімен ренжісіп қалғанын хабарлады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
«3 наурызда сағат 20:00 шамасында Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына қаладағы қонақ үйлердің бірінің алдында «Lexus» маркалы автокөлікке белгісіз біреулердің жас қызды мәжбүрлеп отырғызып, алып қашқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына дереу жетіп, мән-жайды анықтады. Нәтижесінде оқиға кейіпкері ешкімнің үстінен арыз-шағым түсірген жоқ», - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желілерге жүктелген бейнежазбада 21 жастағы қыз жігітімен ренжісіп қалғанын айтқан. Алайда, ол көлікке өз еркімен отырып, сондай-ақ, куәгерлердің болған жағдайды дұрыс түсінбей қалғанын жеткізген. https://www.youtube.com/watch?v=i3tPDfNKn_w&feature=emb_logo