Ауыр атлетика федерациясының президенті, Халық кеңесі мүшесі Гаджи Гаджиев Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің әрқайсысының отбасына қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 миллион теңге көлемінде материалдық қолдау көрсетуді азаматтық парызы санайтынын жеткізді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты жалпыұлттық аза тұту жариялады. Каспий теңізінде өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі әрі еліміздің спорт қауымдастығының өкілі ретінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 миллион теңге көлемінде материалдық қолдау көрсетуді өзімнің азаматтық парызым деп санаймын. Әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады», - деді Гаджи Гаджиев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
