Ганди мен Сәтбаев ескерткіші бой түзейді
Ганди мен Сәтбаев ескерткіші бой түзейді
124
оқылды

Үнді саясаткері Махатма Ганди мен академик Қаныш Сәтбаевқа елордада ескерткіш қойылмақшы. Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қаты­нас­тары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев­тың айтуынша, қалаға биыл сегіз ескерткіш қою жоспарда бар екен.

«Нақты қай жерге қо­йы­­­латыны туралы әзірге бел­­гісіз. Бастысы, Махатма Ган­ди мен Қаныш Сәт­баев­тың ескерткішін қоя­ты­ны­мыз анық. Кез келген жер­ге ескерткіш орната салу­ға болмайды. Мәселен, Сәт­баевтың ескерткішін Қа­­жы­мұ­қан мен Сәтбаев кө­шелері қиылысына қою­ға болады», – дейді бас­қар­ма басшысы.

Бұған дейін Үндістан елшісі елорда көшелерінің немесе мектептерінің бірі­не ескерткіш орнату, бол­ма­са Ганди есімін беру тура­лы ұсыныс тастаған.

Алайда әлеуметтік же­­­лі­де «Алматыда Ганди ес­­керт­кіші бар емес пе? Елор­да­да тағы бір ескерт­кіш ор­нату қажет пе?» де­ген се­кілді пікірлер айты­лып жатыр.

 

Гүл БЕКЗАТ