Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысындағы мектеп, колледждерде сабақ болмайды
Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысындағы мектеп, колледждерде сабақ болмайды
5,107
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мен Ақмола облысындағы мектептерде сабақ тоқтатылады, – деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.

«Бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарда және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды» делінген Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ, 1-2 курс колледж студенттері үшін сабақ болмайды.   

Сонымен қатар қатты желдің болуына байланысты Ақмола облысында бастауыш сынып оқушылары үшін де сабақ тоқтатылды. Айта кетейік, кеше елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмады.