Жамбыл облысында бес бала көз жұмған ауданның әкімі қызметінен босатылды
Жамбыл облысында бес бала көз жұмған ауданның әкімі қызметінен босатылды
141
оқылды

Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов қызметінен босатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданы әкімі қызметінен босатылды",– делінген хабарламада.

Бұған дейін Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында тұрғын үйде өрт шығып, 5 бала қаза тапқанын жазған болатынбыз.