Теңіз кен орнында 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Теңіз кен орнында 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті
141
оқылды
Бүгін Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтардың бірінде бес жолаушылар автобусы өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 5 наурызда 19.30-да автотұрақта автобустардың бірінен өрт шыққан. Жалын бірден жақын тұрған төрт автобусқа жайылып кеткен. Өртті сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының техникасының үш бірлігі және 30 адам, оның ішінде өрт сөндірушілер мен компания қызметкерлері жұмылдырылған. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт жергілікті уақыт бойынша 21.00-де оқшауланып, сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт салдарынан бес көлік өртеніп кетті. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталып жатыр.