Көпбалалы аналарды қуантқан күн
Көпбалалы аналарды қуантқан күн
128
оқылды

Нұротандықтар Көкшетаудағы көпбалалы аналарды мерекемен құттықтап, олар­ға сыйлық тарту етті.

Аталған іс-шара «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық фи­лиалының партиялық алаңында «Nur Otan» партиясының «30 игі іс» акциясы және Қазақстан хал­қы Ассамблея­сының «Мейірім­ділік керуені» акциясы ая­сында Халықаралық әйелдер күні қар­саңында ұйымдастырылды. Кездесуде құттықтау сөз сөйлеген «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Бекмағам­бетов пен Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, «Көк­шетау минералды сулары» АҚ директоры С.Макси­мец алты және одан да көп балалары бар 30 көпбалалы отбасына Көкше­тауда асүй газ плитасын сатып алуға ар­налған сертификатты табыс етті. – Барлық әйелдер қауымын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Құр­метті аналар, осы жылу сіздің үйлеріңізге және жан дүниелеріңізге қонсын. Таби­ғаттың әсемдігі шабыт бер­сін. Көктемнің бас­талуы сіздер­дің өміріңізде де үлкен жақсы­лықтың бастауы болсын, – деді «Nur Otan» партиясы Ақмола об­лыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Бекмағам­бетов. Өз кезегінде көпбалалы ана­лар партия мүшелеріне ақ тілегі мен сый-сыяпаттары үшін алғысын білдірді. – Мемлекет тарапынан көр­сетілетін атаулы әлеуметтік кө­мек, кепілдендірілген әлеу­меттік пакеттер, мем­ле­кеттік гранттар және жұмыспен қамту сияқты көпбалалы отба­сына әлеуметтік қолдау ша­ралары үшін зор алғы­сым­ды білдіргім келеді, – деді көп­балалы ана Әсемгүл Махамбе­това. Еске салайық, 2021 жылдың 1 науры­зын­дағы есеп бойынша Ақмола облысында 9 476 көпба­лалы отбасы тұрады, оның 1 861-і – Көкшетау қаласында.

Әбілмансұр ЖАСАН