Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемқызметшілердің Әдеп кодексін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдануда. Бұл туралы Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«БҰҰДБ-мен бірлесіп және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі жобасын әзірлеу жоспарлануда.Шет елдердің тәжірибесін ескере отырып, әдеп талаптарын тек моральдық-адамгершілік болып табылмайтын өзге ережелерден бөлуді іске асыру ұсынылады», - деді Агенттік төрағасы 2019 жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындыларын, алдағы кезеңдегі міндеттерді айқындау бойынша алқа отырысында.