Мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі әзірленеді
Мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі әзірленеді
© inform.kz
266
оқылды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемқызметшілердің Әдеп кодексін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдануда. Бұл туралы Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. «БҰҰДБ-мен бірлесіп және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі жобасын әзірлеу жоспарлануда.Шет елдердің тәжірибесін ескере отырып, әдеп талаптарын тек моральдық-адамгершілік болып табылмайтын өзге ережелерден бөлуді іске асыру ұсынылады», - деді Агенттік төрағасы 2019 жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындыларын, алдағы кезеңдегі міндеттерді айқындау бойынша алқа отырысында.