Кейінгі кезде Қытайда коронавирустың өршуіне, дерттің аяқасты тез тарауына байланысты спорттық жарыстар өткізілмейтін болды, – деп жазады zakon.kz.
Дереккөздің жазуынша, Халықаралық теннис федерациясы коронавирустың өршуіне байланысты Федерация кубогының іріктеу матчтарын өтуі тиіс Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы шешім қабылданғанын жариялады.
Қазақстан теннис федерациясы Федерация кубогының Азия/Мұхиттық топта жоспарланған іріктеу ойындарын Нұр-Сұлтанда өткізу мүмкіндігіне қатысты 27 қаңтарда ITF-тен ресми сауал түскенін хабарлады.
Сол күні Федерация бұл мәселені қарау үшін ҚР Үкіметіне ұсынды.
Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Тайвань, Индонезия және Өзбекстан командаларының қатысуымен өтетін жарысты 4-8 ақпан аралығында қабылдауға техникалық жағынан дайын екендігін растады.
Осы жағынан алғанда, FedCup іріктеу ойындарын Нұр-Сұлтанда өткізу туралы шешім қазір қарастырылып, шешіліп жатыр.