Өмір үшін күресетіндер
Өмір үшін күресетіндер
601
оқылды
«Көп түкірсе – көл» дегендей, әр адам дәрігерден көрген жақсылығын айтып, алғыс білдірсе, бұл – үлкен құрметтің белгісі. Бұл дәрігерлерді жарнамалау емес, олардың еңбегін бағалау. [caption id="attachment_11745" align="alignnone" width="1024"] width= фото: Әлия Ержанованыкі[/caption]  Өйткені, көп жағдайда, адам өмірін сақтау үшін күресетін кімдер – дәрігерлер. Таңның атысынан, күннің батысына дейін аяғынан тік тұрып, отбасы-ошақ қасын көрмей жұмыс істеп жүргендері қаншама?!  [caption id="attachment_11743" align="alignleft" width="515"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Біз өз кезегімізде елорда ауруханаларын аралап, науқастардың ақ халатты абзал жандар туралы пікірін білуге шықтық. Ә дегеннен  №2 Астана қалалық көпсалалы ауруханаға бас сұқтық. Тәулік бойы жұмыс істейтін  мекемеде кісі аяғы үзілген емес, ерсілі-қарсылы шығып жатқан адам көп.  [caption id="attachment_11746" align="alignright" width="417"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Анықтама бөлімі де ығы-жығы. Басым көпшілігі ағайын-туғанына келушілер екен. Әрі қарай тыным таппай жүрген  медбикелер мен санитарларға кезіктік. Бір палатадан шығып, екіншісіне кіріп, шапқылап жүрген дәрігерлер. Жүрек-қан тамыр аурулары бөлімшесіне кірсек, 70-тен асқан қария үйіне қайтуға дайындалып жатыр екен. Ауруханадағы соңғы күні. Есімі – Төлеген Ержанов. Өзі Еңбек ері және ІІ топ мүгедегі. [caption id="attachment_11747" align="alignleft" width="346"] width= Фото: Айтжан Айтмұрзанов[/caption] «Алла жазса, ертең жолға шығамын» деп мәз, Түркістан облысы Мақтарал ауданының тұрғыны. Қария қаңтардың соңында ауруханаға жатқан. «Екі күн бастан-аяқ тексерді. Диагнозым – қант диабеті. Оң аяғымның бас бақайына жара шығып, жазылмай қойды, жанымды қоярға жер таппағалы төрт ай болды. Сөйтсем, бас артериядан қан бармай жатыр екен. Сол себепті  бақайымдағы жара қатып қалған. Соған ангиография істейтін болған. Келген күні қан қысымым көтерілген соң операцияны кейінге қалдырды. Содан қан қысымын бір қалыпқа түсірумен күресті», – дейді.   width= Диагностикалық аппараттың мықтылығына сүйсінген ақсақал жүрегінде ақау болмағанына қуанып отыр. Оның айтуынша, палата пациент үшін қолайлы етіп жасалған. Өйткені төсектің басында түймеше бар. Қажетінде баса қалса, медбикелер көмектесуге даяр.  Тіпті, қан қысымын көрсетіп тұратын арнайы құрылғы барына мақтанды. [caption id="attachment_11750" align="alignright" width="372"] width= Ерлан Әшірбаев[/caption]
– Сөйтіп, 25-і күні түстен кейін ота жасалды. Операция 47 минутқа ғана созылды. Мені емдеген хирург-дәрігер Ерлан Әшірбаев – алтын қолды дәрігер. Операцияны көтере алмай қалмасын деп бір  қан тамыр артериясына ғана  жасады, – деді Төлеген Ержанов.
[caption id="attachment_11748" align="alignleft" width="298"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]   «Аузы күйген үрлеп ішеді» дегендей, бастапқыда осында келгенде қорқыныш болды. Алайда дәрігерлердің кәсібилігіне көзі жетіп, үрейі сейілген. Тек бір өкініші қалғандай... «Сол аяқта да бәрі осылай басталған. Әу басында осы жерге келуім керек еді. Кім біледі, мүмкін аяғымнан айырылмас па едім?» деген ол үйіне барған соң дәрігердің бақылауында болатынын жеткізді. Дәрігерге ризашылығын білдіріп, хат та жазып қойыпты. Оны ерінбестен дәлізде тұрған жәшікке тастап келді. [caption id="attachment_11751" align="alignright" width="450"] width= Әлия Серікқызы[/caption] Инсульт орталығының жетекшісі Әлия Серікқызымен жолықтық. Оның айтуынша, бөлімде 23 пациент жатыр. Қосымша жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 4 адам бар. «Бұл қалыпты жағдай. Кейде тәулігіне 30-дан астам адам түседі. Емделу уақыты негізі анализге байланысты. Келушілер тоғыз күндей емделеді. Жағдайы ауыр пациенттер одан да ұзақ жатады.  Ал  жарты жылдан 8 айға дейін жатқандар бірен-сараң, – деді невролог, медицина ғылымдарының кандидаты Әлия Серікқызы.  width=
Соңғы жылдары инсульт жас талғамайтын болған. Инсультпен түскендердің 70 пайызы 60-65 жастағылар. Сол бөлімшенің палатасында жедел жәрдеммен түскен пациентпен кездестік. 47 жастағы елорда тұрғыны өзінің диагнозын ауруханаға түскенде бір-ақ біліпті.
[caption id="attachment_11753" align="alignleft" width="495"] width= фото:Айтжан Мұрзанов[/caption] «Шыны керек, осыған дейін мазам кетіп ауырған емеспін. Бәрі аяқасты болды. Алдымен сол қолым ұйып мазам кетті. Ал таң ата аяғым тартылып қала берді. Шыдатпады. Содан жедел жәрдем шақырдық. Мені бірден осы жерге әкеліп, тез арада толыққанды тексеру жасады. Ол кезде денемнің бір жақ бөлігі ұйып қалған еді.  width= Қазір жағдайым жақсы. Сөйлеуім қиындап кетіп еді, ақырындап қалыпқа келіп жатыр. Әрине, ауру біржола жойылып кетпейді. Уақытылы көмек көрсетілген соң, аяқ-қолыма жан бітті. Емдеуші дәрігерім Елдос Қосанов пен бөлім басшысы Әлия Серікқызына ризашылығым шексіз, – дейді Александр Бобрик. Мұнда медицина қызметкерлерінің еңбегін елеп-ескеріп отырған адам көп. Олардың арасында дәрігер қауымына өлең арнағандар да бар. Соның бірі – қарағандылық Парлан Манаспаев. Пульмонология бөлімшесінің пациенті. Емдеуші дәрігері Жансая Сүндетқызына арнаған өлеңін бейнежазбаға түсіріп алудың сәті түсті. Парлан былтыр желтоқсанда Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жүрегіне ота жасатып, стент қойдырған. Бір айдан кейін қайта тексерілуге шақырған,  сол жерде пульмунологияға барып тексерілуге кеңес беріпті. [embed]https://youtu.be/LMnvWTr82QI[/embed] «Осы дүйсенбіде келдім. Система, антибиотик, тұзды шахта секілді ем-домның бәрін алып  жатырмын. Қазір тыныс алуым дұрысталып қалды», – деген ол 2013 жылдан бастап жүрегі қағып, тынысы тарыла бергенін айтады.   Сол кезден бері жүрегіне 2 стенд қойылған.  width= Келесі аялдағанымыз – Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы.  Балалар кардио хирургиясының бас ординаторы  – кардиохирург Майя Жұмабаеваның айтуынша, бір ғана балалар бөлімінде жылына 500-ден астам операция жасалады. [caption id="attachment_11756" align="alignleft" width="300"] width= Майя Мұхтарқызы[/caption] «Сырқат адам таңдамайды, жасқа да қарамайды. Жүрек ауруы дүниеге келген сәбиде де, жас пен кәріде де кездеседі. Жүрек ауруы негізінен 7-18 жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. Әрине, алдымен маман ретінде біліктілік пен кәсібилік қажет. Біз кез келген сәбиді өз баламыздай көреміз. Олардың күліп-ойнап жүргені бізге – үлкен  қуаныш», – дейді Майя Мұхтарқызы.   Орталықта жатқанына бір ай болған Өскемен тұрғынын сөзге тарттық. Жанында 5-6 жасар ұлы бар. «Босанғаным сол, екінші күні балам демала алмай жатты. Сол кезде жүрек ақауы бар екені анықталды, – деген Гүлнар Мұқашева өздерін Нұр-Сұлтанға санитарлық авиациямен жеткізілгенін айтты. [caption id="attachment_11757" align="alignright" width="417"] width= Сергей кардиохирург Ғалымжан Өтегеновпен[/caption]
– Мұндай орталық барын білмедік. Операциядан   6 ай өткен соң қайта келуіміз керек еді. Сол аралықта аяқасты жүрек ұстамасы ұстап, тағы да санавиациямен келгеніміз бар. Сөйтіп, екінші ота баланың 7 айында жасалды. Жүректің   оң жақ бөлігі дұрыс дамымай қалған. Бүкіл салмақ сол жағына түскен. Құдайға шүкір, қазір бәрі жақсы. Одан бері бес жыл өтті. Үшінші операциясына келгенбіз, бәрі ойдағыдай өтті. Кардиохирургтер Дмитрий Горбунов пен Ғалымжан Өтегенов ұлымның өмірі үшін күресіп, сақтап қалған жандар. Біріншіден – Алла, екіншіден – білікті мамандардың арқасында балам күліп-ойнап жүр».   
 Келесі кейіпкеріміз – Әлия. Екі баласы да, өзі де жүрек ауруымен ауырады. Оның 4 жастағы қызына операцияны бір жасында жасаған. [caption id="attachment_11758" align="alignnone" width="918"] width= Айсұлтан Ержанұлы[/caption] Бастапқыда анасы қызым отасыз-ақ жазылып кетеді деп үміттенген. Өйткені жүрегінде табылған тесік кішкентай  болған. Ал ұлының жағдайы өте ауыр болған соң,  пышақ астына 2 ай 2 жұмада жатқызылыпты. [caption id="attachment_11759" align="alignnone" width="1024"] width= Кардиохирург Дмитрий Горбунов[/caption]  «Операция негізі 3 айлық балаға жасалады. Бірақ ұлымның салмағы жетіп тұрған соң, ерте түсті. Оның үстіне, уақыт та тығыз болды. Одан әрі күте алмадық. Жансақтау бөлімінде 1 апта ғана жатты. Ол кезде операцияны Ғалымжан Маликұлы  жасаған», – деп өткенін еске алды ол. Бұл оқиға осыдан екі жыл бұрын болған. Енді әр 3-4 айда тексеріліп тұрады. [caption id="attachment_11760" align="alignnone" width="900"] width= Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы[/caption]
«Құдайға шүкір, қазір барлық көрсеткіші жақсы. Оның жүрегінде үлкен үш тесік және қан тамыры ашық болды. Оған қоса, демігіп тыныс ала алмайтын. Бұл өте ауыр жағдай. Баламның аман қалғанына мың да бір алғыс! Орталық қызметкерлері білікті мамандардан жасақталған. Оларды жанымдай жақсы көремін!» – дейді Әлия Ержанова.
Оның айтуынша, құрсақтағы  width= баланың жүрегі ауыратынын жүктілік кезеңінің  19-шы аптасында білген. Екінші скрининг кезінде  бала жүрегінде тесік бары болжанған. Операция жасалуы мүмкін екенін де ескерткен.   «Шынымен де, дәрігердің айтқаны дәл келді. Мен іштей дайын едім. Оның үстіне, мұндай жағдайды бұған дейін де бастан кешкем. Бірақ бәрі оңынан келді. Дәрігерлерге сенгенім сондай, жақын арада өзім де жүрегі опеарция  жасатпақпын», – дейді ол. Осындай алғысқа толы тілектер мен жүрекжарды лебіздерді тыңдай отырып, халықтың денсаулығын сақтау жолында аянбай адал еңбек етіп жүрген дәрігерлердің барына риза боласыз. [caption id="attachment_11762" align="alignnone" width="827"] width= Тұсаукесер рәсімі[/caption] «Жақсының  жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Адам өмірін сақтау күнделікті жұмысына айналған дәрігерлерге тағы бір рет өз атымыздан да алғыс айту, артық етпес. Жанға жылу, дертке шипа сыйлайтын ақ халатты абзал жандарды бағалай білейік.