Әлекке түсірген 1 жыл
Әлекке түсірген 1 жыл
108
оқылды

Былтырғы наурызда елімізде өмір салтымыздың жаңаша сипатына айналған карантин шектеулері басталған болатын. 13 наурыз күні Германиядан ұшып кел­ген 14 адам коронавирус жұқ­­тырған болуы мүмкін деген күдікпен карантинге жатқызылса,16 наурыз күні Мемлекет бас­шы­сының Жарлығымен елі­мізде төтенше жағдай жа­рия­ланды. Сол кезден бері елімізде 219 325 адам коронавируспен ауырған болса, 202 694 адам жазылып, 2 819 адам қайтыс болды.

Тізбек үзілсе, хронология түзілмейді

Корона­вирустың әлем елдерінде бірінші кезекте денсаулық сақтау саласына үлкен салмақ түсіргені белгілі. Оның біздің еліміздегі хронологиясы 16 наурыздағы төтенше жағдайдан басталады. Қазақстандықтардың тура екі ай бойы төрт қабырғада қамалып отырғаны естен кеткен жоқ. Бет­перде өміріміздің ажырамас серігіне айналды. Бұл екі ай өз жемісін берді де. Ауру таралуының алдын алу мүм­кін екеніне көз жетті. Әйтсе де, эко­но­микалық жағдайды құлдыратып алмауды ескерген билік 11 мамырда қа­таң шараларды біртіндеп босаң­сыта бастады. Бұл шара індеттің маусым-шілде айларында қайта өршіп кетуіне алып келді. Соған сәйкес, 5 шілде мен 17 тамыз аралы­ғында бір жарым айға, яғни толықтай 3 инкубациялық цикл мерзімге шектеу шаралары күшейтілді. Бұл тізбекті тағы да үзіп, респуб­ликада­ғы эпидемиологиялық жағдайды тұрақ­тандыруға мүм­кіндік берді. Енді бү­гінде еліміз бұрынғы қалыпқа қайта оралу кезеңіне қадам басқан секілді. «2020 жылы жаңа талаптарға сәйкес, медициналық көмек көр­сету үшін қалаларда 16 модульді аурухана салынды және 3 жұқпалы аурулар ауруханасы реконструкциядан өтті. Оған қосымша 63 амбулаторлық-емханалық нысан пайдалануға берілді. Ауру асқынған шақтарда 52 мың төсек-орынға дейін іске қосы­лып, соған сай COVID-19-бен кү­реске 50 мыңдай маман жұмылды­рыл­ды. 64 оттегі стансасы іске қо­сы­лып, медициналық ұйымдардың қажеттілігі 3 264 дана жасанды дем алдыру аппаратымен толықтай қамтамасыз етілді», – дейді Ден­саулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов. Эпидемияға қарсы шараларға жұмылдырылған медицина қыз­мет­керлеріне материалдық қолдау көр­сетіліп, 3 тәуекел тобы бойынша жал­пы сомасы 116 млрд теңге үсте­меақы төленген. Замана зауалымен күресте 9 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырған екен. Оларға үстемеақыдан бөлек, әлеуметтік төлемдер берілді. Жалпы, 2020 жылы денсаулық сақ­тау саласына бөлінген инвестиция көлемі артып, 302,5 млрд теңгені құраған. Бұл 2019 жылғы 124,6 млрд теңгеден 2,5 есе артық.

Ұжымдық жауапкершілік ақсаған қоғам

Әлемді жайлаған індет біздің қоғамда ұжымдық жауап­кер­ші­ліктің нашар екенін көрсетіп кетті. Яғни, ол әлі де қалыптасу үстінде. Тәжта­жалдан сақтанайық деп со­нау нау­рыз айынан-ақ қанша ес­кертілсе де, бір адамдай карантин талабын сақтаған ешкім болмады. Пан­демияны жа­һандық кон­спи­рологияға бала­ғандар мүлдем сен­бесе, енді бірі жартылай сенді. Ал толық сенгендердің ара­сында да оған үстірт қарағандар кездесті. Осының бәрі қосыла ке­лгенде мем­­лекет тарапынан қанша қатаң талаптар қолға алынса да, ол тек уақытша ғана жемісін берді. Тө­тенше жағдай түріндегі карантин шектеулері эпидемия басталған наурыз-сәуір айларында аурудың қатты белең алып кетуіне тосқауыл болуға біраз әсер етті, нәтижесі едәуір байқалды. Бірақ жоғарыда айтқандай, ұжымдық жауап­кер­шілік факторы қалай болғанда да екінші толқынның басталып ке­туіне себеп болды. Бұл біздің қо­ғамда осындай бір жаңаша көз­қарасты қалып­тас­тыру керек еке­нін аңғартады. Себебі ұжымдық жауапкершілік – тәртіп пен бір­ліктің алғышарты болмақ. 1 жыл «Төтенше жағдай бітіп, локдаун басталған мамыр айында ес­те­ріңізде болса, эпидемия асқынды да, белгілі бір кезеңде ауырып жат­қан адамдар проблемамен бетпе-бет өздері қалып қойды. Дәрігер ша­қырса қолдары боса­маған­­дықтан келмеді, өздері барса ауру­ханаларда орын жоқ деп қа­былдамады, дәрі­ханаларда дәрі жоқ, тест сына­ма­ларының саны аз, адамдардың бә­ріне бірдей жетпеді деген секілді. Бұрын мемлекет ес­керт­кен, кө­мектескен кезде адам­дардың көп­шілігі карантин та­лабына атүсті қараған болатын. Енді «таяқ­тың екі ұшы бар» де­мекші, геомет­риялық прог­рес­сиямен тараған ауру қо­ғамғ­а жайы­лып кетті. Осылайша, ұжым­дық жауапкершілік толық сақ­талма­­­ғандықтан – салмақ қо­­ғам­ның өзіне түсті. Ол науқас үшін бі­рінші ке­зекте психо­логиялық ауыр соққы болса, екінші кезекте қар­жылық қиындық тудырды. Өйткені тесттен өтудің өзі ақылы, дәрілерді де өзің сатып аласың. От­­­басына жұқтыр­­мау үшін бөлек үй жалдап кетіп жат­қандар да болды. Ал бас­­тапқы кезеңде мем­лекет өзі ақысыз тек­серіп, өзі емдеп, арнайы мо­­дуль­­­дер салуға ықпал етіп, кешенді шаралар қа­былдаған еді. Бұл енді біздің аза­маттарға сабақ болуы керек деп ой­лаймын», – дейді қоғам бе­сендісі Әсет Сы­здықов. Бүгінге дейін жалғасып келе жат­қан коронавирус індеті қанша лок­даун, қанша толқын, қанша түр­лі-түсті аймаққа бөлінсе де, оның үдеуін алғашқы тоғыз айда мемлекет тек ізінен ере отырып қана тоқтата алды деуге болады. Бұл мемлекет тара­пынан ден­сау­­лық сақтау сала­сында да, қо­ғамдық тәртіпті нығайту бойын­ша да жан­дандыра түсер тұс­тар өте көп еке­нін аңғартады. Ал «тас түскен жеріне ауыр» демекші, ме­дици­налық мамани ресурстардың ора­сан зор қажуы байқалса да індет­­ке қарсы тұра білген медицина қыз­меткер­леріне бас иіп, алғыс айту керек!

Жыртқыш нарық – жем болған халық

Әлемдік індеттің көптеген проб­леманың өзекті тұсын жа­лаңаштап кеткені рас. Соның бірінде карантин басталғанда дәрі-дәрмек тапшылығы қатты сезіліп, бетперде бағасы аспандап кеткен болатын. Әдетте, 20 теңгеден сатылатын бетперденің бағасы 120 теңгеге бір-ақ шыққаны көп жер­де сынға ұшырап жатты. Осы­лайша, бұған дейін ауық-ауық азуын көрсетіп жүрген баға, біздің нарықтың жыртқыш екенін ақтық рет дә­лелдеп берді. «Мына коронавирус халықты әбден әлекке салды. Дәрі­ха­­на­лардың алды кезекке толы. Дәрі-дәрмектерді былай қойғанда, бет­­­­перде жоқ. Халықта үрей ба­сым. Сондықтан олар тірі қалудың жағ­дайын жасау үшін кез келген қа­дамға дайын. Егер ертең жағдай одан сайын асқынып кететін бол­са, дәрі тұрмақ, тамақ таппай қа­ламыз деген қорқыныш бар. Сон­­дықтан супермаркеттерде үл­кен дүрлігіс болып жатыр. Сөре­лер­дегі бар азық-түлікті дымын қал­дыр­май сипап кетуде. Ауру­хана­лар­­дағы жағдай да мақ­та­нар­лық емес. Дәрігерлер де аб­дырап қа­лып жатыр. Нау­қас­тардың көп­­шілігі не істерін білмей дал. Менің ойым­ша, мемлекет бұл жағдайға дайын емес сияқты. Ал тап­шы­лықтың да, қым­бат­шы­лықтың да зардабын тартып жатқан халық» деген еді сол кезде дәріханаларда кезекте тұрған ас­таналық тұр­ғын­­­ның бірі Айгүл Са­ламатқызы. Астаналық тұрғынның сөзінің жаны бар. Әлемдік пандемия ал­ғашқы айларда қоғам өміріне өте қатты соққы болып тигенін жоққа шығаруға болмас. Шындығын айт­қанда, Тәуелсіздіктің 30 жылында халық алғаш рет абдырап қалды. Төтенше жағдайдың не екенін се­­­­зінді. Тек халық емес, мем­лекеттік қызметтер де шынын айт­қанда мұндай төтенше жағдайға дайын бол­­май шықты. Бірақ әлем­нің кей­бір елдерімен са­лыс­тыр­­ғанда біраз жақсы деп бағалауға болады. Сонда да болса, өміріміз мұлдем бас­қа ар­­­наға ауысып кетті. Оқшау­лану тәр­­­тібі, әлеуметтік арақа­шық­тық, он­лайн режим, эпиде­миялық мен­та­­литет деген сынды жаңа ұғым пай­­­да болды. Адамдар денсау­­лық­­­тың қа­дірін түсіне бастады. Енді оффлайн өмірге қайта оралғанда да корона­вирус үрейінің әлі ұзақ жыл­­дар сана­мызда қалып қояры анық.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИ