Нұр-Сұлтанда министрлік ғимаратының қаптамасы түсіп қалды
Нұр-Сұлтанда министрлік ғимаратының қаптамасы түсіп қалды
107
оқылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі орналасқан Нұр-Сұлтандағы "Транспорт тауэр" ғимаратының қаптамасы түсіп қалды.
"Иә, қатты желдің салдарынан қаптаманың бірнешеуі құлады. Ешкім зардап шеккен жоқ. Тиісті жұмыс жүргізілмейді, өйткені, адамдардың өміріне қауіп төндіре алмаймыз, бірақ, ауа райы жақсарғанда оны түзетеміз", - деп түсіндірді ИИДМ баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, Қазақстан астанасындағы 34 қабатты "Транспорт тауэр" ғимараты 2003 жылы салынған. Содан кейін ол ТМД-дағы ең биік ғимарат атанды. Құрылыс биіктігі - 155 метр, жалпы ауданы - 32 мың шаршы метрден асады. Оның ерекше пішініне байланысты астаналықтар кешенді "оттық" деп атап кеткен. Ғимаратта 2002 және 2006 жылдары екі рет өрт шықты.