"Наурызды тойлауға рұқсат жоқ": Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
"Наурызды тойлауға рұқсат жоқ": Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
167
оқылды
Құжатқа сәйкес, бұқаралық шаралар, көрмелер, той, жиын өткізуге қойылған тыйым сақталады. Үйде де адам көп жиналатын шаралар ұйымдастыруға болмайды. Сондай-ақ Наурызды тойлауға, мерекелік отырыстар өткізуге рұқсат етілмей отыр. Бас санитар дәрігер 20-24 наурыз аралығында қалааралық, облысаралық автобустар қозғалысын тоқтата тұруды шешті. Қызметі жаңғыртылмаған нысандарға: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға (Ashyq пилоттьқ жобасына катысатын нысандарды қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, мұз айдындарына баруға тыйым салынды. Қаулы 13 наурызда күшіне енеді. Құжаттың толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.