Астанадан шығатын жол жабылды
Астанадан шығатын жол жабылды
119
оқылды

Бүгін сағат 12:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық «Екатеринбург-Алматы» жолының 1291-1426 шақырымы (Нұр-Сұлтан – Теміртау қаласы.) аралығы автокөліктің барлық түріне жабық.

Сағат 11:45-тен бастап «Нұр-Сұлтан қаласы – Қабанбай батыр ауылы – Киевка кенті – Теміртау қаласы» (16-51 шақырымы Нұр-Сұлтан қаласы – Қабанбай батыр ауылы) тасжолы автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.

Құтқарушылар алыс жолға шықпауды ескертеді.