Жезөкшені өлтірген Теміртау тұрғыны 19 жылға бас бостандығынан айырылды
Жезөкшені өлтірген Теміртау тұрғыны 19 жылға бас бостандығынан айырылды
112
оқылды
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен ақылы түрде интимдік қызмет көрсететін әйелді өлтіру және оның мүлкін ұрлау дерегі бойынша К-ға қатысты іс қаралды.  Сот тергеу барысында алқабилердің қатысуымен қылмыстық істің құжаттары, тергеу амалдарының нәтижесі, заттай дәлелдемелер, сараптамалардың қорытындысы зерттелді.
«Жоғарыда аталған дәлелдердің негізінде, жыныстық қатынас кезінде К. жәбірленушінің жеке мүлкін ұрлау мақсатымен Д-ның мойнына барсетканың бауын салып өзіне қарай тартқан, яғни оның тыныс алу жолдарын жапқан. Нәтижесінде жәбірленуші асфиксия салдарынан сол жерде көз жұмғаны анықталды. Содан кейін К. жәбірленушіге интимдік қызмет көрсеткені үшін төлеген ақшасын, оның ұялы телефоны мен алтын бұйымдарын ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған»,– делінген хабарламада.
Ақабилердің үкімімен Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 8-тармағымен, пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру және ҚК 188-бабының 1-бөлігімен, яғни ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазаны қылмыстық атқару жүйесінің барынша қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеу белгіленді. Жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық залалды өтеу есебінде 10 млн теңге өндірілді.