Президент жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдады
Президент жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдады
225
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі жеке аккаунтында жариялады.

"Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды", – деп жазды Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V оты­рысында жерді сатуға тыйым салуды көтерген болатын. Ол шетелдіктерге және шетел­дік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырды.