Биыл 200 жаңа мектеп ашылады
Биыл 200 жаңа мектеп ашылады
200
оқылды

Елімізде биыл бюджеттен көзделген қаражат шеңберінде 200 жаңа мектеп бой көтереді. Кейінгі екі жылда республикада 41 мың оқушыға арналған 126 жекеменшік мектеп ашылды. Бұл бұған дейін ашылған жекеменшік мектептер санынан 2 есе көп.

Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп 800 мек­тептің құрылысы бойынша Жол карталарын әзірлеп жатыр. Ол үшін 4 механизм қолданылады. Алдымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы мектеп құ­рылысы жүреді. Одан кейін же­­кеменшік мектептер же­­лісін дамыту жоспарда бар. Мем­лекеттік бюджеттен нысаналы құрылыс пен модульдік конструкциялардан мектептер салу да негізгі бағыт болмақ. Сондай-ақ 2025 жылға дейін 5 мың мектептің инфрақұрылымы жаңартылады. Осылайша, балаларға қауіпсіз және қолайлы жағ­дай­­ларды жасап, жоғары жы­л­­­дам­­дықты интернетпен, пән­дік кабинеттермен қамтамасыз етеді. Мек­­­­теп жиһаздары, кітапханалар мен асханалар жаңарып, күрделі және кешенді жөндеу жүргізіледі.

А.АЙДАРҚЫЗЫ