Төрт теннисші жолдамаға таласады
Төрт теннисші жолдамаға таласады
156
оқылды

14 наурыз күні Қатар астанасы Дохада үстел теннисінен Олимпиада ойындарына  іріктеу турнирі өтеді. Жолдаманы сарапқа салатын спортшылар арасында төрт отандасымыз бар.

Жапонияда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін ерлерден 78, әйелдерден 63 спортшы бақ сынайды. Жалпы, ерлер арасында төрт, әйелдер арасында бес жолдама сарапқа салынады. Ұлттық олимпиада комитетінің дерегінше, жарыс екі кезеңнен тұрады. Ал бірінші кезеңде ерлер үш, әйелдер төрт жолдаманың тағдырын шешеді.  Қалған екі лицензияны екінші кезеңде ойнатады. Турнирге ел атынан Кирилл Герасименко, Айдос Кенжеғұлов, Анастасия Лаврова, Зауреш Ақашева қатысады. Жолдама үшін күресетін құрамалардың арасында Қытай, Жапония, Корея және Германия елі жоқ. Өйткені олар үстел теннисінен әлем үздіктердің санатында әрі  іріктеуге қатыспайды. Аталған құрамалар жолдама мәселесін шешіп қойған.

Айбике ЖАНАСЫЛ