Жапония олимпиада ойындары кезінде роботқа, жаңа технологияға басымдық бермек. ToyotaMotorCorporation Токиоға келген спортшыларды электронды палитрадағы автокөлікпен тасымалдайды.
Олимпиада кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Жапония шамамен 50 000 адам тартуды жоспарлап отыр. Оның ішіне полиция, төтенше жағдай, жағалау күзеті қызметкерлері, волонтерлер мен күзетшілер кіреді. Сонымен бірге Toyota Motor Corporation Токио олимпиадасы кезінде спортшыларды тасымалдау үшін арнайы электронды палитрадағы автокөліктерді пайдалануды жоспарлап отыр. Көліктердің жүргізушісі жоқ, аккумулятормен ғана жұмыс істейді. Сонымен қоса бетті тану жүйесі арқылы оқиғаларды бақылайтын жүйесі болады. Бұл соңғы технология аккредиттелген адамды қауіпсіздік қызметкерлерінің көзімен ғана салыстыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Жапония олимпиада қатысушыларына картон төсек ұсынады. Олимпиада қалашығы менеджерінің айтуынша, картон төсек 200 келі салмақты көтере алады. Тіпті ағаш төсектен де мықты екен. Әрине, қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, үстіне секірмегеніңіз жөн. Әйтпесе, соңы немен аяқталатынын ішіңіз біліп тұрған болар. Жалпы алғанда, қалашыққа 18 мың төсек қойылады. Ал паралимпиада кезінде 8 мыңы пайданылады.
Бәрімізге белгілі, Жапония үкіметі робот құрастыру саласына қомақты инвестиция (100 млн$) салған. Демек, олимпиада кезінде басты назар роботтарға түспек. Өйткені қонақүй алдында спортшыларды қарсы алу, шығарып салу роботқа жүктелмек. Жапонияда ғана емес, әлем елдерінде роботқа қызмет беріп, жұмыс күшін азайтып жатыр.
Қазір Жапонияда демографиялық дағдарыстың шеті көрінді. Халықтың жасы ұлғайып, жұмыс күші азайып жатыр. Сол үшін кеңсе мен мектепте, қарттар үйінде робот санын көбейту қолға алынған.
Жапон мамандарының айтуынша, Батыс елдері роботқа алара қарайды. Себебі олар роботты бәсекелес деп бағалайды екен. Ал жапондар роботтың қосымша жұмыс күші екенін ұғып, кәдесіне жаратады.
Айбике ЖАНАСЫЛ