Таразда ер адам қалалық сот ғимаратын жарып жібермек болды
Таразда ер адам қалалық сот ғимаратын жарып жібермек болды
5,115
оқылды

Жамбыл облысында өткен жылы құқық қорғау органдарына террористік сипаттағы қауіп-қатермен екі хабарлама келіп түсті. Бұл жайында ІІМ ресми сайты хабарлады.

1971 жылғы ер адам Тараз қалалық сотының ғимаратын жарып жібермек болған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы 1-бөлігі бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) тіркелді. Ұсталған азамат 2000 жылдан бастап психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды. Тараз қаласының №2 соты оны мәжбүрлеп емдеуге жіберді.

1983 жылы туған тағы бір ер адам 102 пультіне қоңырау шалып, Тараздың шағын аудандарының бірінде үйді жарып жібермек болғанын хабарлады. Аталған дерек ҚР ҚК 273-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Тараз қаласының №2 соты оны төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.