БҚО-да мектеп оқушысын сату туралы хабарландыру берген адам іздестірілуде
БҚО-да мектеп оқушысын сату туралы хабарландыру берген адам іздестірілуде
© Сурет ғаламтордан
208
оқылды
Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушысын сату туралы жарнаманың авторы іздестірілуде, деп хабарлайды "Орал апталығы". "Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) және 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккен оқушының анасы полицияға оның ұлын olx.kz сайтына 100 мың теңгеге сатылымға қойғанын айтты. Біз оған қатысы бар адамдарды анықтап жатырмыз", — деді Орал қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманалиев. Оқиға 2019 жылы орын алғаны хабарланды. Круглоозерное ауылынан екі оқушы жанжалдасып, мектеп аумағынан сыртқа шығып бір-бірімен төбелеседі. Төбелес кезінде 17 жасар жігіт 16 жасар оқушының үш қабырғасын сындырған. "Ұрып-соғу туралы мәлімдегеннен кейін бірден сараптама тағайындалып, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстары өткізілді. Қазір полиция интернет-дүкен сайтына оқушыны сату туралы хабарландыру қойған «әзілкешті» іздеуде", - деп мәлімдеді Зашаған полиция бөлімінің бастығы Тимур Айтуғанов. Айтуганов автор осындай хабарландыру таратқаны үшін екі жыл түрмеге отыруы мүмкін екенін атап өтті. "Оқушылар да, мектеп те жақсы жағынан сипатталады. Мектеп оқушыларының отбасылары толық, бұған дейін осындай қылмысқа қатысы болмаған", - деп толықтырды Иманалиев.