«Marvel» және «Disney» кейіпкерлері алғаш рет қазақ тілінде сөйледі
«Marvel» және «Disney» кейіпкерлері алғаш рет қазақ тілінде сөйледі
«Marvel» мен «Disney» әйгілі туындылары қазақ тілінде сөйледі. Кәсіби мамандар тобы мультфильмдер мен көркем фильмдерді мемлекеттік тілге аударып, дубляж жасайды,– деп хабарлады «Qazaqstan» ұлттық арнасы. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілде келесі көркем және анимациялық фильмдер көрсетілуге дайын: «Чёрная пантера» - «Қара Қабылан», «Мстители: Война бесконечности» - «Кек алушылар: шексіздік соғысы», «Человек-муравей и Оса» - «Құмырсқа адам және Сона», «В поисках Дори» - « Дориді Издеуде», «Суперсемейка 2» - «Суперотбасы 2», «Книга джунглей» - «Джунгли кітабы», «Тачки 3» - «Көліктер-3», «Большой и добрый великан» - «Мейірімді дию», «Планета сокровищ» - «Қазыналы ғаламшар», «Лис и пес» - «Түлкі мен ит», «Большое путешествие» - «Ғажайып саяхат», «Спасатели в Австралии» - «Ержүрек құтқарушылар», «Красавица и чудовище» - «Сұлу мен Құбыжық», «Бэмби», «Золушка» - «Күлшеқыз», «Спящая красавица» - «Ұйқыдағы ару», « «Леди и Бродяга» - «Бикеш пен Қаңғыбас». https://www.youtube.com/watch?v=urv6pySyl2g 2012 жылдан бастап «Qazaqstan» ұлттық арнасы Диснейдің алтын және платина коллекциясынан 50-ге жуық фильмдерді аударды. Бұл ТМД телеарналары арасындағы ең жоғары көрсеткіш.