Кентауда істен шыққан жылу қазандықтары жөнделіп жатыр
Кентауда істен шыққан жылу қазандықтары жөнделіп жатыр
222
оқылды
Табиғат апатынан болған жағдайдың анық-қанығын және жасап жатқан әрекетін білмек болып Кентау қаласы әкімдігінің қызметкерлеріне хабарластық. Қала әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Әлімбай қазіргі таңда әкімдік мекемелері орын алған жағдай бойынша қалыпқа келтіру жұмыстарын күні-түні тынбай жүргізіп жатқанын жеткізді.  width= Айтуынша, 2021 жылдың 13 наурызында қатты жел және жауын шашын салдарынан сағат 13:35-те жоғары кернеулі Кентау қаласында 220 және Мырғалымсай кенорнындағы 220 қосалқы станциаларында Л-161. Л-162 110 кВ электр желілері апатты өшіп қалған. Кентау қаласында жалпы зардап шеккен тұтынушылар саны 9500-ге жуық абонент. "Қазіргі таңда «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Кентау электр желілері мекемесінің 5 бригада 6 техника 25 адам жұмылдырылып, ақауды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда қаланың 70 пайызына жарық берілді"' – деді ол. Жоғары кернеулі 110 кВ «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС линиясы №5 ЖЭО станциясының линиясына құлауына байланысты сағат 15:00-ден бастап 14 000 абонент жылусыз қалды. №5 ЖЭО 4 бригада 17 адам авариялық құрамы жұмыстар атқарып, қазіргі таңда №5 ЖЭО жарық жүйесі іске қосылып, үлкен магистралды құбырларға су жіберіліп, ақауды ретке келтіру жұмыстары атқарылыпты.  width= Берген мәліметке сүйенсек, дәл қәзіргі уақытта екі қазандық іске қосылды. Кешке дейін үшінші қазандық қосылатын болады.

Тельман БЕЙСЕНОВ