Мемлекет басшысы Grammy иегері Иманбек Зейкеновті құттықтады
Мемлекет басшысы Grammy иегері Иманбек Зейкеновті құттықтады
123
оқылды

Мемлекет басшысы Grammy сыйлығына ие болған Иманбек Зейкеновті құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады. Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді. Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!» – деп жазды Берік Уәли.

Бұған дейін теміржолшы Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығына ие болғанын жазған болатынбыз.