Иманғали Тасмағамбетов «КАМАЗ» директорлар кеңесіне кіруі мүмкін
Иманғали Тасмағамбетов «КАМАЗ» директорлар кеңесіне кіруі мүмкін
144
оқылды
«КАМАЗ» директорлар кеңесіне Иманғали Тасмағамбетовтің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы ауыр жүк көліктерін шығарумен айналысатын ресейлік компанияның сайтында хабарланды. «КАМАЗ» директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне мәселелер енгізу мен кандидаттарды директорлар кеңесіне және компанияның тексеру комиссиясына сайлау үшін енгізу туралы ұсыныстарын қабылдады. Сондай-ақ алғаш рет директорлар кеңесі сайлау үшін екі кандидатура ұсынылды: «КАМАЗ» ЖАҚ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырьков және Иманғали Тасмағамбетов. Кирилл Пузырьков – былтыр қайтыс болған «КАМАЗ» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі Александр Васильевтің мұрагері болса, Иманғали Тасмағамбетов – 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған саясаткер. «КАМАЗ» компаниясының жалпы жиналысы 2021 жылдың 4 маусымына жоспарланған.