Денсаулық сақтау министріне пара берген қазақстандық кәсіпкер ұсталды
Денсаулық сақтау министріне пара берген қазақстандық кәсіпкер ұсталды
153
оқылды

Алтай Республикасы денсаулық сақтау министріне пара берді деген күдікпен екі кәсіпкер ұсталды. Олардың бірі Қазақстан азаматы,– деп хабарлады "Известия".

12 наурызда тергеу комитетінің өңірлік басқармасы Алтай денсаулық сақтау министрі Сергей Коваленко және оның көмекшісі Рустам Туюнчековке екі кәсіпкер пара бергенін хабарлады. Пара бергендер  32 жастағы Новосибирск тұрғыны  және 28 жастағы Қазақстан азаматы. Оларға лауазымды тұлғаға аса ірі көлемде пара берді деген айып тағылды. Қылмысты бір топ адам алдын ала сөз байласу арқылы жасаған. Тергеу мәліметінше,  қылмыс 2020 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы ақпанға дейінгі уақытта жасалған. Кәсіпкерлер Денсаулық сақтау министріне 13 миллион рубль пара берген. Оларға бірқатар ұйымдар арқылы жеке қорғаныс құралдарын жеткізуге мемлекеттік келісімшарт жасаспақ болған.

Қазақстандық кәсіпкер қамауға алынды.

Қазір құқық қорғау органдары қызметкерлері қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Олар Новосибирсктегі екі кәсіпкердің кәсіпорындарын тінтіп, куәгерлерден жауап алып жатыр. Коваленко мен Туюнчеков 10 наурызда таңертең ұсталды.  РЕН ТВ телеарнасының мәліметінше, министрдің жеке меншік тұрғын үйінің дәретханасынан жасырылған 5,8 миллион рубль табылды.