Жамбылдағы «Jas Otan»-ның кездесуі
Жамбылдағы «Jas Otan»-ның кездесуі
132
оқылды

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының тө­ра­ғасы Нұржан Жетпісбаев Жамбыл облысында іссапармен болды.

Іссапар аясында Нұржан Арғынұлы «Nur Otan» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутат болып сайланған жастармен жүздесті. Кездесуде партия ықпалы­мен жоғары заң шығарушы және жер­гілікті ат­қарушы органдардағы жас депу­таттардың үлесі артқаны сөз болды. Жаңадан жасақталған Жамбыл облыстық мәслихаттың VII шақыры­лымындағы депутаттардың орташа жасы 60 жастан 48 жасқа дейін тө­мендеген. Өңірдегі барлық деңгейдегі мәслихаттарда қазір 30 жас депутат бар. Ендігі кезекте «Nur Otan» партия­сының «Жастар – Отанға!» деп ата­латын бағдарламасын іске асыру  жас депутаттар корпусының еншісінде. Сондай-ақ оларға өңірдегі «Nur Otan» партиясының жанынан жаңадан құрылған жастарды қолдау  жөніндегі кеңестің жұмысын үйлестіру міндетін мүлтіксіз атқару жүктелген. Кездесу барысында жас депутаттар «Jas Otan» Жастар қанатының төра­ғасына көкейде жүрген сұрақ­тарын қойып, жергілікті жерде жастар сая­сатын жүзеге асырудағы өзекті мә­селелерге қатысты ойларын ортаға салды. Өз кезегінде Нұржан Арғынұлы кездесу барысында көтерілген бір­қатар мәселелерді шешудің тетіктері «Жастар–Отанға!»  бағдарламасында қарастырылғанын жеткізді. Сапар аясында «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде студент­термен  жүздесті.

Әбілмансұр ЖАСАН