Цой тұмаумен сырқаттанғандар саны 2 есе азайғанын айтты
Цой тұмаумен сырқаттанғандар саны 2 есе азайғанын айтты
256
оқылды
Тұрғындардың, оның ішінде халықтың осал топтарының тұмауға қарсы вакцина ектіруімен, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауымен байланысты жедел респираторлық вирустық инфекциялардың жұғуы төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Қазақстанда осы эпидемиялық маусымда ЖРВИ мен тұмау ауруының төмендеуі байқалады. Өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 2,2 есе азайды. Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың төмендеуі тұрғындардың, оның ішінде халықтың осал топтарының тұмауға қарсы вакцина ектіруімен, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауымен, ұйымдасқан ұжымдардың оқшаулануымен (мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары) байланысты», - дейді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Бұған дейін министр Қазақстанда сәуірде күніне 1700 адам коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтқан болатын.