Kantai baspasy баспасы және «Болашақ» түлектерінің қауымдастығы бірлесе отырып, «Қала үшін күрес. Урбанистік революция нұсқаулығы» («Битва за города. Как изменить наши улицы») кітабынын қазақ тілінде оқырманға ұсынды.
Авторлары – танымал урбанист Джанет Садик-Хан пен Сет Соломонов. Бүгіннен бастап кітапхана мен кітап дүкендерінен алуға болады. Сондай-ақ, қала құрылысы бойынша осы практикалық нұсқаулықтың жүздеген данасы өндірістік оқу орындарында тегін таратылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында шетелдік жазушылардың сұранысқа ие, таңдаулы шығармасын қазақ тіліне аудару қажет екенін айтқан еді. Жобаның негізгі идеясы – ең үздік, әлемде сұранысқа ие әдебиетпен қамтамасыз ету.Кітапта ХХ ғасырдың аяғында қаладағы өмір сүру қиямет-қайым болғанын баяндайды. Мәселенің ушыққаны соншалық, қала әкімдігі тұрғындар жайлы өмір сүру үшін күресуге мәжбүр болады.«Біз бірнеше жылдан бері шетелдік сұранысқа ие кітаптарды аударамыз. Бізге «Болашақ» түлектері көмектеседі. Ал «Қала үшін күрес. Урбанистік революция нұсқаулығы» кітабын қазақшаға бір жыл ішінде аударды. Мақсатымыз – қоғамдағы қала құрылысына қатысты озық тәжірибе жинақтау. Қазақтілді оқырманға урбанистика ғылымның дамуына зор үлес қосқан кітаптың мәнін жеткізу», – деді Kantai baspasy баспасының директоры Асқар Әбдіразақов.
Нұсқаулықта көше, велосипедті жалға беретін орындар, жаяу жүргіншілер жолы, демалыс орындары, қоғамдық көлік мәселесі, жол-көлік апаттарын азайту үшін көптеген мысал келтірілген.