Жаңарған эко-бекеттер орнатылады
Жаңарған эко-бекеттер орнатылады
191
оқылды

«Nur Otan» партиясының Алматы қаласы бойынша «Өзгеріс­тер жолы: Әр азаматқа лайықты өмірсайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында уыттылық пен түтіндікті өлшеу үшін қалаға кіреберісте 19 эко-бекет орнату жоспарланып отыр.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, ме­гаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары бары­сында Құлжа тасжолындағы газ талдағыш пен түтін өлшегішпен жабдықталған бекеттің дайын­дығын тексерді. – Жұмыс сапарымен Құлжа тас­жолында орнатылған жаңа эко­логиялық бекетке бардым. Мұнда көп компонентті газ талдағыштың көмегімен бензинмен және газбен жүретін көліктен шығатын улы газдың құрамындағы көмірсутегі, көміртегі оксиді, көміртегі диок­сиді, азот оксиді, оттегі тексеріледі. Дизельді отынмен жүретін кө­ліктердегі газдың түтіні де тек­се­ріледі, – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Партияның сайлауалды бағ­дарламасын жүзеге асыру аясында 2021 жылы Алатау ауданында 7 экологиялық бекет, Жетісу ауда­нында 3 экологиялық бекет орнату жоспарланған. Алғашқы екеуі Құлжа трактісі мен Бұқтырма кө­шесінде жақын күндері іске қо­сылады. Тестілік режимде тексеру кезінде уыттылық нормасынан асатын шамамен 5 мың жеңіл және 1 мыңнан астам жүк автомобилі анықталды.

Әбілмансұр ЖАСАН