Қазақстан халқы бір айда қанша алтын құйма сатып алды?
Қазақстан халқы бір айда қанша алтын құйма сатып алды?

Биыл ақпан айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 59,2 келі, 2 309 алтын құйма сатып алды.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 1,74 тонна болатын 47 302 алтын құйма сатып алды. Алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық болып бес салмақта сатылды. Соның ішінде, ең көп сатылғаны – 10 грамдық құйма. Сатылған барлық құйманың ішіндегі оның үлесі 28% – 12 932 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма – 10 830 дана (23%) және 20 грамдық – 10 637 дана (22%), 5 грамдық – 7 235 дана (15%), 50 грамдық – 5 668 дана (12%). Негізінен, алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.

Бұған дейін бір жылда азаматтар қанша алтын құйма сатып алғанын жазған болатынбыз.