Жезқазғандағы балабақша алькоголь қосылған 100 келі кәмпит сатып алған
Жезқазғандағы балабақша алькоголь қосылған 100 келі кәмпит сатып алған
Жезқазған қаласы білім бөлімінің "Балдырған" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны мемлекеттік сатып алу сайтында 130 мың теңгеге кәмпит сатып алған. Сатып алу туралы хабарландыру 2 ақпанда жарияланған. Бұл туралы Protenge хабарлады. Aikyn.kz тексеріп көрді. Тауардың қысқаша сипаттамасында кәмпиттің шоколад пен алкоголь қосылуы талап етілген. Алайда толық сипаттамасында алкоголь қосылуы керек екені жазылмаған. [caption id="attachment_120780" align="aligncenter" width="1280"]кәмпит Goszakup.gov.kz сайтынан скриншот[/caption] Тендерді ИП Шеина Н.В ұтып алған. Қарағанды облысының білім басқармасы осы лотқа түсініктеме берді. Жезқазғанның білім бөлімінің мәліметінше, лоттың сипаттамасында қате кеткен. "Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша" Мемлекеттік сатып алу порталына берілген мінездеме" осы жылдың 2 наурызында "Балдырған" бөбекжайы " КМҚК техникалық қате жіберді. Конкурстық рәсімдер 16 наурыз тоқтатылды. "Балдырған" бөбекжайы "КМҚК басшысына қатысты тиісті шаралар қабылданады", - деп хабарлады Жезқазған қаласының білім беру бөлімі. Айта кетейік, "Балдырған" бөбекжайы" кәмпиттен басқа, 200 дана "Сникерс", 400 дана "Альбини" шоколадын да сатып алған.