Бүкіл ел аумағына локдаун енгізу туралы шешім қабылданды
Бүкіл ел аумағына локдаун енгізу туралы шешім қабылданды
147
оқылды
Польша билігі коронавирустың үшінші толқыны күшеюіне байланысты бүкіл елге карантин енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Адам Недзельский мәлімдеді, – деп хабарлайды ТАСС.
- Біз барлық шектеулер мен нормаларды бүкіл ел аумағында енгізу туралы шешім қабылдадық, - деді ол баспасөз мәслихатында.
Недзельскийдің айтуынша, елде коронавирус тез таралып отыр, әсіресе халықтың жартысынан көбінен (52%) "Британдық" штамм анықталған. Соңғы апталарда локдаун Польшаның жекелеген аймақтарында ғана енгізілген еді. Министрдің айтуынша, бүкіл ел бойынша қонақ үйлер, мәдениет және спорт нысандары жабылуда, сауда орталықтарының жұмысы шектеліп отыр. 9 сәуірге дейін мектептерде қашықтан оқыту енгізіледі. Бұған дейін Польшада коронавирус бойынша күніне 25 052 жағдай тіркелен. Бұл – қарашадан бергі ең жоғары көрсеткіш.