"Абайдың "жаңа бейнесін" 5 сағатта жасадым" - иллюстратор Ернар Бексұлтан

"Абайдың "жаңа бейнесін" 5 сағатта жасадым" - иллюстратор Ернар Бексұлтан

Желіде Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Дінмұхамед Қонаев, Шоқан Уәлихан сияқты тұлғаларды заманауи стильде киіндірген картина тарап, қазақстандықтардың талқысына түсті. Картина авторы - 25 жастағы талдықорғандық иллюстратор Ернар Бексұлтан Aikyn.kz сұрақтарына жауап берді. Ернар Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген. Негізгі мамандығы - архитектор. "Қазір фрилансермін. Үйде отырып, графикалық планшетпен түрлі картиналар жасаймын. Бірде ұлы тұлғалардың суретін жаңарту ойыма келді. Кейбірінің, тіпті, көбінің жалғыз суреті ғана таралып кеткен және ескі", - дейді ол. Иллюстратор ең бірінші Абай Құнанбайұлының суретінен бастаған. Өзінің айтуынша, оған орташа есеппен 5 сағаты кеткен. "Бірінші Абайдан бастауымның себебі, идея "Абай" сериалын көргеннен кейін келді, сосын әр қазақтың ойына "тарихи тұлға" дегенде ең бірінші осы тұлға келетіні рас", - дейді Ернар Бексұлтан. [caption id="attachment_120880" align="aligncenter" > Абай Құнанбай. Иллюстрация: Ернар Бексұлтан[/caption] "Иллюстрацияны жасап, өзімнің Instagram-дағы парақшама жариялай бердім. Оның қалай таралып кеткенін өзім де байқамай қалдым. Оны кейбірі жақсы қабылдаса, кейбірі Абайға басқа бейне жасаудың қажеті жоқ екенін жазып жатыр, тіпті, бұл қорлау, мазақ қылу деп ойлайды екен. Меніңше, онда тұрған ештеңе жоқ. Қазір де заманауи киім киіп, костюм киіп, стильді көзілдірік тағып жүрген аталарымыз бар. Ұлы Отан соғысы ардагерлері де костюм киеді", - дейді Ернар Бексұлтан. [caption id="attachment_120883" align="aligncenter" > Дінмұхамед Қонаев. Иллюстрация: Ернар Бексұлтан[/caption] Дизайнерге желіде басқа да тарихи тұлғалардың атын жазып, оған да ерекше сурет жасауын сұрайтындар көбейген. Ол бұған дейін картиналарында әлеуметтік, патриоттық тақырыптарды жиі көтерген. [caption id="attachment_120884" align="aligncenter" > Талдықорғандық блогер Қайрат Әбдірахман. Иллюстрация: Ернар Бексұлтан[/caption] "Саяси тақырыпты көтергім келмейді. Көбіне оның пайдасы болмайды", - дейді ол. [caption id="attachment_120885" align="aligncenter" > Әлихан Бөкейхан. Иллюстрация: Ернар Бексұлтан[/caption] [caption id="attachment_120888" align="aligncenter" > Бауыржан Момышұлы. Иллюстрация: Ернар Бексұлтан[/caption] [caption id="attachment_120889" align="aligncenter" > Ахмет Байтұрсынұлы. Иллюстрация: Ернар Бексұлтан[/caption] [caption id="attachment_120891" align="aligncenter" > Мұқағали Мақатаев. Иллюстрация: Ернар Бексұлтан[/caption] [caption id="attachment_120892" align="aligncenter" > Нұрлан Сегізбаев. Иллюстрация: Ернар Бексұлтан[/caption]